«STOP-ТРАФИК» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шараға полиция қызметінің және арнайы қызмет түрлерінің күш-құрылымдары жұмылдырылды.
Іс-шара аясында жаңа туған нәрестелерді сату, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу және өзге де қанау фактілерін ашу, адамдарды тасымалдау, беру, жасыру және сату арналарын анықтау бағытында жұмыстар жасалуда.
ЖПІШ кезеңінде ойын-сауық орындарында, монша кешендерінде, қонақ үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс объектілерінде рейд жұмыстары жүргізіледі.