BEELINE ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАЙДЫ
Beeline Қазақстан қарашаның 18 мен 23 аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан IV Кәсіпкерліктің жаһандық аптасының (GEW 2014) серіктесі болды. Мұндай апталар бүкіл әлемнің 8 миллионнан астам адамын жыл сайын жинай отырып, бір уақытта 150-астам елде өтеді.
Қазақстандық GEW 2014 жастар кәсіпкерлігіне арналған. Үстіміздегі жылы іс-шара Орта Азиядағы ең ірі сартап-конференция болады, оның аясында дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптары, фокус-топтар, тренингтер, IT мен құрылыстан бастап, аграрлық сектор мен креативті индустрияға дейінгі кәсіпкерліктің әртүрлі салаларындағы өзекті сұрақтар мен мәселелер бойынша жұмыс секциялары өтеді. Оны ұйымдастырушы Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубы.
Beeline Қазақстан компаниясының Бас Атқарушы директоры Тарас Пархоменко GEW 2014 аптасына қатысу туралы өз пікірін былай білдірді: «Beeline Қазақстан компаниясының корпоративтік әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты – қоғамға көмектесу және оның дамуына ықпал жасау. Мұнда, бұл саясаттың бағыттарының бірі жастар кәсіпкерлігін қолдау болып табылады. Жеке бизнеспен айналысу жастардың өмірлік ұстанымын нығайтады, сонымен қатар жауапкершілік, шешім қабылдау, дамуға ұмтылу тәрізді қасиеттерін арттырады. Бұған қоса, бұл жаңа жұмыс орындары мен әл-ауқаттың артуы. Beeline жастардың әртүрлі конференцияларына, форумдарына және байқауларына жиі қолдау көрсетеді және біздің байқағанымыз, жастарымыз көп нәрсені игере алады: жас қазақстандықтар белсенділігімен, икемділігімен, ерекше ойлау қабілетімен ерекшеленеді. "GEW" форумы – бұл уақыт талабы және жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға арналған, сәттіліктер тарихымен танысудан шабыт алуға мүмкіндік беретін тамаша алаң. Осындай пайдалы әрі сәтті жобаға қолдау көрсеткеніміз үшін қуаныштымыз және біздің спикерлеріміздің сөз сөйлеуі мен Beeline Business форумда ұсынған жаңа инновациялық шешімдер өз пайдасын тигізіп, жас кәсіпкерлердің өсуі үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз».
GEW 2014 барысында Beeline өкілдері бірқатар сессияларға қатысып, жас кәсіпкерлерге электронды төлемдер мен мобильді кеңселердің мүмкіндіктері туралы айтып берді. «Мен қайда болсам, кеңсе сонда» - бұл тақырып бүгінгі таңда корпоративтік клиенттер үшін Beeline ұсынған инновациялық В2В өнімдердің арқасында, заманауи әлемде сәтті тренд және Қазақстанда шынайы болып бара жатыр.
«Инновацияның тууына әртүрлі салалардағы адамдардың кезедсуі ықпал етеді. Іс-шарамыздың мақсаты – әртүрлі салалардағы кәсіпкерліктің өзекті сұрақтары мен мәселелерін шешу үшін, нарықтың барлық ойыншыларын бір алаңға жинау. Форум – бұл кәсіпкерлік фестивалі, мұнда қарым-қатынас пен байланыс туындайды, олар кейіннен нақты жобаларға айналады. Аяғына нық тұрған және сәттілік пен дамудың үлгісі болуға тұрарлық бизнес компаниялардың қолдауынсыз, біздің Жаһандық Апталық тәрізді кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мүмкін емес. Beeline Қазақстан компаниясына алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз деп үміттенеміз», - деп Қазақстандағы Кәсіпкерліктің Жаһандық Аптасының ресми өкілі, Жас Кәсіпкерлер Клубының қосымша құрушысы Павел Коктышев өз ойын білдірді.