БЕСАРЫҚТЫҚ БАЛАЛАР БИІКТЕН КӨРІНДІ
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында "Үркер" шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен рухани жаңғыру бағдарламасының аясында "Менің елім – Мәңгілік ел" атты халықаралық балалар байқауы болып өтті.
Кіл талантты өрендер жиналған бұл байқауға Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы Өнер мектебінің баяншылар ансамблі (жетекшілері Ф.Есіркепова мен Қ.Әйтімов) мен "Мереке-Думан" би тобы (жетекшісі Ө. Оспанбеков) қатысты.
Баяншылар ансамбліне байқаудың күміс жүлдесі табыс етілсе, "Мереке-Думан" би тобы алғыс хат иеленді.
Өнерлі балалар табысына қуанған ауыл тұрғындары оқушыларды осындай биікке жетелеген ұстаздарына алғыстарын білдіруде.