УНИВЕРСИТЕТКЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХИМИЯЛЫҚ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТОЛЫҚ ТОПТАМАСЫ СЫЙҒА БЕРІЛДІ
«А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» акционерлік қоғамы 2003 жылдан бастап «Қазақстанның химиялық» журналын шығаруды қолға алған. Журнал 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитетінің негізгі ғылыми нәтижелерді жариялауға арналған басылымдар тізбесіне енгізілген. Негізгі ғылыми жарияланымдары химия және химия технологиясына арналған журналдың 2003 жылдан бергі толық топтамасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне сыйға берілді. Журналдағы өзекті ғылыми мақалалар университеттің «Физика-химиялық талдау әдiстері» инженерлiк бейiндегi зертханасы мен Химия және экология кафедрасының ғалымдарына, болашақ химик мамандарының қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.