ЖАЛАҒАШТА ТІГІНШІЛЕР КӨБЕЙДІ

Құны 38,2 млн теңге құрайтын жобаға мемлекет тарапынан кент орталығының батыс бөлігінде орналасқан «Серпін» индустриалды өндіріс аймағынан 1 гектар жер телімі беріліп, қазіргі таңда 28 адамды толық жұмыспен қамтып отыр.
Жаңа өндіріс орнынан тұрақты жұмыс тапқандардың көпшілігі “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының” бірінші бағыты бойынша тігінші мамандығын оқығандар болып отыр.
Жоба толыққанды іске қосылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.