ҚАЗАҚСТАНДА "АЙТЫС" ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ МЕССЕНДЖЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ
Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте "Айтыс" жобасының жетекшісі Дәуіт Шайхисламов мәлімдеді.
«Біздің жоба Елбасы барлығымызды шақыратын инновация қатыран, өздеріңіз білетіндей инновация ол индустрияландырудың қозғалтқышы және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырушы. Бізде «WhatsApp», «Line», «ChatON» сынды түрлі танымал халықаралық мессенджерлер бар. Біз өзіміздің командамамызбен қазақстандықтар үшін отандық мессенджерді жасаймыз деп шештік», - деді сөз басында жоба жетекшісі.
Д. Шайхисламовтың айтуынша, бағдарлама қолданушылар үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
«Айтыс» (iTys) өнімі қолданбада ұлттық стильде безендірілген. Келешекте қолданбада тегін дауыс қоңыраулары, қазақ тілінің автокорректоры, графикалық редакторы сервисі болады. Айта кетерлік жайт, мобильдік қолданбаны жасаушылар алдағы желтоқсан айында iOS платформасына көшуді жоспарлап отыр.
«Біз өзіміздің тартымды, халықтық, отандық өнімімізді жасауға ниеті бар пікірлестердің, энтузиастардың командасын құрдық. Әр саладан кәсіпқойларды тауып, графикалық безендірулерді жасадық: тақырыптар, смайликтер, тұсқағаздар. Олардың барлығы ұлттық нақышта жасалған. Сонымен, бүгін біз ұжымдық еңбектің нәтижесін ұсынып отырмыз», - деді Дәуіт Шайхисламов.