АДАМДАРДЫ БОПСАЛАП ЖҮРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні сағат 18.30 шамасында Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шиелі ауданының 33, 31, 24 жастағы 3 тұрғыны ұсталып, олардың тұрғындарды қорқытып, мүліктерін талап еткені анықталды. Тексеру барысында олардан газды травматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ табылып, айғақ зат ретінде алынды.
Сонымен қатар, үйіне жүргізілген тінту барысында сарайынан аңшы мылтықтары, аңшы мылтығының патрондары, табылып, айғақ зат ретінде алынды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметініңң хабарлауынша қазіргі танда, аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 194-бабы 2-бөлігі және 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, күдіктілерге күзетпен қамауда ұстау қолданылды.