1037 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Қармақшы ауданында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстардан осы жылдың 9 айында жергілікті бюджетке 29 млн 83 мың теңге түсірілді.
Ағымдағы жылдың 9 айында 4 рет аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 5483 гектар 51 жер учаскесі 8 млн 227 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Осы уақыт аралығында 383 келісім-шарт жасалып, 5 млн 425 мың теңге бюджетке аударылды.
Сондай-ақ, жыл басынан 54 өтініш түсіп, жер учаскелерінің бағалық құны 1 млн 841 мың теңге болып, аудан бюджетіне толық аударылды. Мемлекеттік жер учаскесін сатып алуға байланысты 39 келісім-шарт жасалып, жергілікті бюджетке 11 млн. 788 мың теңге түсірілді.
Тоғыз ай ішінде жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес емес, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған және құжаттарын сәйкестендірмеген барлығы 8 жер учаскесінің меншік иелеріне ескертпе хаттар таратылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1037 гектарды құрайтын 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.