КІШІ АРАЛ АЙДЫНЫНАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қ бірлесіп жүргізілген рейд барысында Кіші Арал теңізінің №18 учаскесінде «Прогресс» үлгісіндегі жүзу кемесімен балық аулаған 2 аудан тұрғыны ұсталды.
Тексеру барысында, «Ветерок-8» үлгісіндегі ілмелі моторы, 7 дана синтетикалық аулар және жалпы салмағы 205,5 кг-ды құрайтын көксерке балығы анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.