УНИВЕРСИТЕТ ЖЫЛЫЖАЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Университет жылыжай шаруашылығы 2004 салынып, пайдалануға берілді. «Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында технологиялар мен зерттеулерді өндіріске енгізу және индустрия мен саудамен байланысын қалыптастыру бағдарламасы» Қазақстан-Қырғызстан-Канада халықаралық жобаны іске асыру мақсатында жүзеге асырылған. Университет жылыжай шаруашылығы іс жүзінде ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді технологиялар енгізуде – экологиялық таза көкөніс өнімдерін тамшылап суару жүйесін пайдалану арқылы өсіру, университет оқытушылары, магистрлер мен студенттер үшін жылыжайда көкөніс өсірудің өндірістік базасы болып табылады.
2011 жылдан бастап көкөніс дақылдары тұқымдарын өндірумен айналысатын алдыңғы қатарлы «Rijk Zwaan» голланд фирмасымен келісім шарт жасасып, қызанақ, қияр және бұрыш гибридтерін өсіруде тәжірибелер жасалуда.
