ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Өткен жылы Арал ауданында халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған шаралар нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізілді.
Осы жылдың 9 айының қорытындысы жарияланған брифингте аудан әкімі М.Оразбаев бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
– «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысында, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 3437 адам хабарласып, 998 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 2086 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Нақты мерзімдегі жұмыссыздар саны 667 адам, - деді аудан басшысы.