ҚР ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА МҮШЕ ӨКІЛДЕРДІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Алматы қаласында ҚР Ғылыми және технологиялық ұйымдар қауымдастығына (АНИТО)мүше өкілдердің конференциясы өтті, деп хабарлады Қауымдастықтың баспасөз қызметінен.
Қауымдастықтың алдына қойған мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев міндеттеген елді индустриялық-инновациялық дамыту міндеттерін шешу үшін ұлттық және мамандандырылған ғылым академияларын, жетекші ғылыми- білім мекемелері мен технологиялық ұйымдарды жұмылдыру, Қазақстанның ғылыми және технологиялық жетістіктерін әлемдік деңгейде таныстыру.
Конференцияға қатысушылар өз сөздерінде, Қазақстанның ғылыми-технологиялық жетістіктерін халықаралық деңгейде лайықты таныстыру және мүддесін қорғау, Парламент, Үкімет сияқты билік органдарына ұсыныстар енгізу, ел Президентіне үндеу жасау, аталмыш саладағы ең маңызды мәселелерді шешуге атсалысу мақсатында Қауымдастықтың жаңа жұмыс деңгейіне шығып отырғанын мәлім етті.
Конференция барысында сондай-ақ, ҚР Ғылыми және технологиялық ұйымдар қауымдастығының (АНИТО) басқарушы органдары: президент, бірінші вице-президент, АНИТО Кеңесінің мүшелері және Тексеру комиссиясының құрамы сайланды. Және Жарғыға сәйкес Қауымдастық атқарушы органының басшылығы тағайындалды.