АРАЛДЫҢ КӨШЕСІ АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Биыл аудан орталығын абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 249,5 млн теңге қаржы қаралды.
Осы бағытта Ауған соғысы ардагерлерінің аллеясы жаңғыртылып, орталық паркте орналасқан ақын З.Шүкіровтің ескерткіші қалалық мәдениет үйінің ауласына көшірілді. Қаладағы №262 мектеп-гимназиясынан Д.Нұрпейісова көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Қаладағы С.Сейфуллин, Әйтеке би көшелері бойындағы қорымдарды қоршау жұмыстары жүрді.
Облыс әкімінің қолдауымен Арал қаласынан «Рәміздер» алаңын салу және абаттандыруға 174,4 млн. тенге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек Байқоңыр көшесіне абаттандырылып жатыр.