«КӨГІЛДІР ОТЫН» ИГІЛІГІН КӨП ТҰРҒЫН КӨРІП ОТЫР
Арал қаласындағы әлеуметтік нысандарды кезең-кезеңімен газ отынына көшіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Осы жылдың 9 айын қорытындылаған брифингте аудан басшысы М. Оразбаев қаладағы 6637 үйдің бес мыңнан астамы газға қосылуға өтініш бергенін айтты. Қазіргі таңда 3947 абонент газдандыру жүйесіне қосылған.
Биылғы жылы Арал қаласындағы «Қарлығаш», «Сартай батыр» балабақшалары мен № 260 мектептің бу қазандықтары қайта жаңғыртылып, газ отынына көшірілді.