ОРТА ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Қызылорда облыстық білім басқармасы, Аймактық дене тәрбиесі методикалық орталығы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен М.Мəметова атындағы гуманитарлық колледжі бірлесіп ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры М.Мəметованың 95 жылдығы мен М.Мəметова атындағы гуманитарлық колледжінің 85 жылдық мерейтойына орай кәсіптік білім беретін орта оқу орындарының студенттері арасында қазақ күресінен республикалық турнир өткізілді.
Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының орынбасары Ерлан Қарабалаев құттау сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Республикалық турнирге 55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90кг,+90 келі салмақ дәрежесінде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Қызылорда облысының колледждерінен 130-дан астам үміткерлер бақ сынады.
Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапаталып және бағалы сыйлықтар табысталды.
Турнир қорытындысында командалық есеп бойынша І-орын Абылай хан атындағы колледжге бұйырды. ІІ-орынды М.Мəметова атындағы гуманитарлық колледжі алса, ІІІ-орынды Жаңақорған аграрлы – техникалық колледжі иемденді.