ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖҮЙЕЛІ КӨРСЕТІЛУДЕ
Қармақшы ауданында жергілікті өкілетті органдар шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер жүйелі түрде көрсетіліп келеді.
Бұл туралы Өңірлік коммникациялық қызметінде осы жылғы 9 айды қорытындылаған аудан әкімі Сұлтан Мақашов айтты.
Жыл басынан бері үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 88 балаға 3254,4 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілсе, 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы 5173,3 мың теңге әлеуметтік көмекті 76 аудан тұрғыны алды.
Сондай-ақ, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтану үшін 83 адамға әлеуметтік көмек ретінде 7964,1 мың теңге берілді.
Жыл басынан бері гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған 5 балаға 552,2 мың теңге көмек табысталды.