ҚАРМАҚШЫДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 770 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ
Қармақшы ауданында жыл басынан бері 656 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы аудан әкімі С.Мақашов мәлімдеді.
Оның айтуынша осыған дейін өңірде 9 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. 2017 жылы аудан бойынша 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айында 770 жаңа жұмыс орындары ашылған. Сөйтіп жоспар 103 пайызға орындалып отыр.
- Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 7217 азаматтарға мемлекет тарапынан 173 млн 180 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді. Жалпы 2017 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2742 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Сондай-ақ, есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1090 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 4,3 пайызды құрайды, - дейді аудан әкімі С.Мақашов.