ЖҰЛДЫЗДАР НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
Ел алдында өнер көрсетіп жүрген әншілердің де тек өздеріне ғана мәлім ішкі үрейі болады екен.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Қанша дегенмен пендесің ғой. Жаныңа жақын адамдар мен де енді екі жағдай болды ғой. Ата анамыз, ағайын туыс, әріптестер сондай жақын адамдардан айырылып қалудан қорқасың», – дейді әнші Ернар Айдар.
«Әніміз халықтың көңілінен шықпай қала ма деп қорқамыз», – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.
Әншілердің тағы бір үлкен үрейі бар.
«Өзім сүрелерді оқып отырған кезде, Алла тағаладан сұраймын. Менің дауысымды қарлықтыра көрме, өзің берген дауысыңа қаяу түсіре көрме деп», – дейді ҚР Еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова.
Ал, Меруерт Түсіпбаева өнер тарихында қалатынына сенімді. Себебі, қазақ эстрадасында ең алғаш болып бейнебаян түсірген дәл осы әнші көрінеді. Сондықтан да ізсіз қалудан еш қорықпаймын дейді.
«Өнерде ізсіз қалудан қорықпаймын», – дейді әнші Меруерт Түсіпбаева.
Ал, «Қорқыт Қобыз» деген әнімен танылған Гүлнұр Оразымбетова сол бір әні арқылы тарихта қалатынына барынша сенеді.
«Танымал болғаннан кейін сол деңгейде бәрі бір 20, 30 жылдан кейін эстрададан мүлдем жоғалып кетсең де бәрі бір қазақтың өнер архивында қаласың», – дейді әнші Гүлнұр Оразымбетова.
Дерекөз http://stan.kz/