АРАЛДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Арал ауданының әкімі М.Оразбаев хабарлады.
Биыл бұл салаға 261,8 млн теңге қаралған. Оның ішінде 188,6 млн теңгеге Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Аудандық бюджеттен 19,8 млн. теңгеге Сексеуіл кенті мен Аралқұм елді мекеніндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр желісі жүргізілсе, 17,1 млн теңгеге Арал қаласындағы К. Байсейітова, Д.Нұрпейсова, Құрманғазы, М.Мәметова, Т.Бөріқұлақов, Космонавт, Т.Тоқтаров, М.Өтемісұлы, З.Махатов, Ә.Жарымбетов, М.Нұржаубаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, – деді аудан басшысы.