ТЕҢІЗДІ АУДАНДА ТҮЛІК ТҮРІ КӨБЕЙДІ
Кеше Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл соңына дейінгі атқарылатын міндеттер бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Ауыл шаруашылығы саласында 2 толық серіктестік, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Сонымен қатар, 449 шаруа қожалығы тіркелген.
Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 3527,0 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,0 пайызды құрады. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2597,2 тонна ет, 6201,6 тонна сүт, 78,4 мың дана жұмыртқа дайындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сүт 1,8 пайызға, ет 2,4 пайызға өсіп, жұмыртқа 8,3 пайызға төмендеген.
Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 47242 бас мүйізді ірі қара, 103417 бас қой мен ешкі, 27451 бас жылқы және 25629 бас түйе бар.
Теңізді аудандағы түлік түрлері өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен.