ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ "ОNLINE EXPO-2017" БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
ЭКСПО-2017 республикалық штабы төрағасының орынбасары, Еуразиялық Экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығының президенті Мұрат Қарымсақов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде болды.
«Бірінші халықаралық «Болашақтың энергиясы: CO2 қалдықтарын азайту» ЭКСПО-2017 форумы нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары мен мемлекеттік органдар бастамасымен ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған онлайн байқау өткізуге қолдау көрсететін республикалық штаб құрылды», - дейді М.Қарымсақов.
Республикалық штаб төрағасы орынбасарының айтуынша, байқау ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған инновациялар мен жобаларды алдын ала іріктеуге бағытталған.
«Республикалық штаб миссиясы елдің барлық ғылыми-инноваторлық әлеуетін бір араға топтастырып, барынша тиімді жұмыстар жасау, елде «жасыл» қуат үнемдейтін тәжірибелерді енгізу. Осы арқылы оны іске асыра отырып, ел арасына кеңінен жайып, ЭКСПО-2017 контентін толтыруға ат салысу», - дейді.
Сонымен қатар іріктеу нәтижесі бойынша Астана экономикалық форумы, ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы форумдары алаңдарында 2015, 2016, 2017 жылдары шағын ЭКСПО өткізу жоспарланған.
М.Қарымсақовтың айтуынша, байқау бес аталым бойынша жоспарланған.
Айта кету керек, байқаудың жүлде қоры әлі құрылмады. Басты ынталандыру әдісі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға жолдама беру болмақ. Сонымен қатар жеңімпаздар қоғамда танытылып, брендтеліп, мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламаларға ұсынылып, инвесторларға таныстырыпып, әлеуетті демеушілермен байланыс құруға жол ашылмақ.