ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың айтуынша индустрияландыру шаралары аясында Аралда «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Аралқұрылысы» ЖШС-нің «Асфальт-бетон зауыты» жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар құны 3,4 млрд теңгені құрайтын «ЖакНұр» ЖШС-нің «Титан өндіру бойынша кен байыту комбинатының құрылысы» жобасы бойынша инвесторлармен жұмыстар жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.
Қаржы институттары арқылы қаржыландыру жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге 706,3 млн теңге көлемінде аудан кәсіпкерлері несиелер алып отыр.