ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР

Тоғыз айда ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5774,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артқан.
Өңірдегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор локомотив» ЖШС-нің үлесіне тиесілі. Оның көлемі қолданыстағы бағамен 6682,4 млн теңге болды.
- Тау кен өндірісінде 861,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салытырғанда 137,6 пайызды құрады. Бұл негізінен тұз және таза натрий хлоридінің артық өндірілуіне байланысты болып отыр. Және де биылғы есепті мерзімде 83,9 мың текше метр топырақ өндіріліп отыр, - дейді аудан әкімі.