СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жұмыс барысында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Ж.Қаласова жастарды техникалық институтқа түсу ережелерімен таныстырды.
Ал Төтенше жағдайлар департаментінің кадр бөлімінің жұмыстары бөлімінің бас маманы А.Кеңесова оқу базасының жабдықтары туралы айтып берді.
Имидждік бейнеролик көрсетілімнен кейін тыңдаушыларға оқу орны туралы жадынамалар және жеке консультация үшін байланыс телефон нөмірлері таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі