ҚАЗАЛЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Қазалы ауданында қайырымдылық акциясы басталды. Басты мақсат – қоғамдағы әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, олардың өмірге деген талпыныстарын ояту, түрлі кедергілерді жеңуіне жәрдемдесу.
Акцияның ашылуына қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Асанжан Ешнияз «Садақаңды сауыңда бер» - деген тағылымды сөзді тағы бір еске салып, барша тұрғындарды қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырды.
Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданында «Барлығы да рахмет үшін!» әлеуметтік дүкені ашылып, жыл көлемінде 800-ден астам көмекке мұқтаж жандарға киімдер тегін таратылды. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы үшін беріледі.
Қайырымдылық шарасы биылғы жылы да түрлі бағытта жалғаспақ.