ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР

Осылайша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жылдық жоспары 87 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.
Оның айтуынша, биыл әкімдіктерге бөлінген 25 млрд теңгенің 93 пайызы игеріліп, нәтижесінде тағы 6 мыңға жуық пәтер салынып жатыр. Оның жартысы жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.
60 мың жер теліміне желілер тартылу үстінде. Ал жеке құрылыс компаниялары ұсынған 35 жобаның 18-іне субсидия берілетін болды. Жобалардың жалпы құны 24 млрд теңгеге жуық. Айта кетейік, баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлер санатында Маңғыстау, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары көш бастап тұр.
– Ипотека беруді бесінші бағыт қабылданған болатын. Біз биыл 120 млрд теңгеге 8 мың кредит беріледі деп жоспарлағанбыз. Бірақ енді жобаланғандай болмай отыр. 790-нан кредит алушы арыз берді. Енді бұл жұмыс осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап толыққанды іске қосылды деп айтуға болады, – дейді ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.