МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сонымен қатар, жұмысшыларға түсіндіру мақсатында аталған мәселеге қатысты буклеттер таратылды.
Кездесуге арнайы қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады. Филиал қызметкерлері көкейтесті сұрақтарын қойды. Осы сауалдарға жауап берген мамандар жұмыс істеуші зейнеткерлерге міндетті жарна төлеу, басқа қалаға көшкен жағдайда қызметтің қалай ұйымдастырылатыны туралы түсінік берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Елбасының «100-нақты қадам» ұлт жоспарындағы сексенінші қадам. Медициналық сақтандыру алдымен тегін медициналық көмек түрлерінің көбеюіне, дәрі-дәрмек сапасының артуына ықпал етеді.