ҚҰТҚАРУШЫЛАР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

Салмағы 20-30 келілік стандартты құрал-жабдықты арқалап, адам өміріне араша түсуге екінің бірі бел шешпесі анық. Ал бұл құтқарушылар үшін қалыпты жағдай. Және олар шеберлігін үнемі шыңдап, кәсіби дайындығын ұштай тусуге міндетті.
Жуырда Ғ.Мұратбаев стадионы мен №1 МӨСБ оқу-жаттығу базасы аумағында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері кәсіби сабақтың дене дайындығынан сынақ тапсырды.
Сынақ қорытындысы бойынша комиссия мамандарға өз бағасын берді.
Қызылорда облысы ТЖД