ЖАҢАҚОРҒАНДА КӨППӘТЕРЛІ 15 ҮЙ САЛЫНАДЫ
Жаңақорғанда кəсіпкерлікті дамыту үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 34 жоба несиелендірілді. Биыл 18 пəтерлі 1 тұрғын үй салынды. Келер жылы 36 пəтерлі 15 үй бой көтереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Оның айтуынша ауданда жол бойы қызмет көрсететін 5 нысан бар. Келер жылы тағы бір кешен іске қосылады. "Өрлеу" жобасы бойынша 58 отбасы мүшелеріне барлығы 409 адамға шартты ақшалай көмек берілген. Оның ішінде жұмысқа жарамды 59 адам жұмыспен қамтылып отыр.
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауданда қысқа мерзімді курстарға оқытылуда. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасымен де өтініштер қабылданып, білім берілуде. "Аграрлық несие корпорациясынан «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 6 жобаға 43 млн. теңге қаржы таратылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. Қайтарылған қаржы есебінен облысқа бөлінген 415 млн. теңге қаржыдан ауданымызға 90 млн. теңге қаржы бөлініп, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқу курстарынан өткен 60 үміткердің тізімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды, - дейді аудан әкімі.