КЕШЕГІ ТАРИХ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастар арасында ұлттық сананы жаңғырту, рухани байлықтарымызды дәріптеу мақсатында кәсіпорындармен мекемелердегі жастар ісі жөніндегі комитеттердің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Кешегі тарих - ертеңгі болашақ» тақырыбында халықаралық студенттер күніне орай жатақхана студенттеріне арналған мерекелік шара өткізді.
Шара аясында жатақхана студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ұлттық киім үлгілерінен сән көрмелері өткізіліп, жыр –термелер тартылып, жатақхана студенттеріне кешкі ас ұйымдастырылған болатын.