РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанда отбасылық тәрбиелеу институты сіздерді «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты бірыңғай республикалық Ата-аналар конференциясына қатысуға шақырады. Басталуы сағат 10:00-де.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді.
Конференция бір мезгілде Қазақстанның 18 қаласында, соның ішінде Астана мен Алматыда болады. Алдын ала мәліметтер бойынша оған 100 мыңнан астам оқушылардың ата-аналары, сондай-ақ Институт түлектері болып табылатын 300 отбасылық психолог мамандар қатысады, олар өз аймақтарындағы орындарда конференцияның шығармашылық бөлігін өткізетін болады.
Жасөспірімдік шақ ең бір қиын жастық кезең болып табылады. Көптеген ата-аналар бала өміріндегі осы кезеңмен: агрессия, дөрекілік, оқуға деген қызығушылықтың болмауы, оқуды түсінбеу секілді проблемалармен бетпе-бет кездескенде шарасыздықтан қиналады. Жасөспірімдер көп жағдайда бұндай құбылыс үшін кінәлі емес, олар өздерінің бойында болып жатқан көптеген реакциялары мен қылықтарын толық түсінбейді және оған баға бере алмайды. Есеюдің осындай қиын кезеңінде баланың ең жақын сенімді көмекшілері – ол оның ата-анасы. Жасөспірім кезінде балаңды қолдауды және түсінуді қалай үйрену қажет – дәл осы тақырып алдағы конференцияның басты тақырыбы болмақ.
Іс-шара барысында жалпыадамзаттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық психология-педагогикалық әдістемелер пайдаланылатын болады. Оның қорытындысы бойынша ата-аналардан арнайы сауалнама алынады, сондай-ақ ата-аналарға кіші жасөспірімдік жастағы балаларға (5-7 сыныптар) және олардың ата-аналарына қолдау көрсететін жадынамалар мен ұсыныстар беріледі.