БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды ерте жастан оқуға баулып, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Бегім Ана» балабақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Оқимыз, ойнаймыз» атты танымдық ойын-викторина өткізілді.
Ойын алты бөлім бойынша ұйымдастырылып, балалардың білім нәтижесі, терең ойшылдығы, танымдық қызығушылығы сынға түсті.
Ойын барысында «Сиқырлы сандық»- жұмбақтар, «Кітап туралы бәрін білемін»-спринт-викторина, «Тіл білгірі»-әдеби ойын, «Ертегі кейіпкерлерін көрсет»-импровизация ойыны, «Кейіпкерді тап» - викториналық ойыны, «Ертегіні құрастыр»-ойын-пазлы ойнатылып, мәдени шара соңынан бүлдіршіндерге «Оқы қызық», «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмелеріндегі жаңа әдебиеттер таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Шара соңынан кішкентай оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасап, мультфильмдер тамашалады.