КЕНТ КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Қаралған қаржыға кент көшелерінің жарықтандыру жұмыстары (темір жол вокзалы алдындағы аумақты жарықтандыру, Абай көшесін жарықтандыру, Жосалы кентіне кіре берістен Көшербаев көшесіне дейін жарықтандыру), үш бетті жарнамалық щит орнату жұмыстары, «Қобыз» ескерткішінің ағымдағы жөндеу жұмыстары, кент көшелеріне қоршау жұмыстары жүргізілді және Мүсірбаев көшесінің аяғына қосымша автотұрақ ұйымдастырылды. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында Ақтөбе ауылының орталық алаңын жөндеу және жайластыру жұмыстары жүргізілді.