ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ: ӘРБІР ҮЙГЕ ТАЗА СУ

Атап айтқанда, республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге бөлінді. Нысан бойынша құрылыс жұмыстары басталып, 101 тұрғын үйге ауыз су желісі тартылған.
- Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды. Облыстық бюджеттен Алдашбай ахун елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 46,1 млн теңге, Қуандария елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 34,3 млн теңге бөлініп отыр. Қармақшы елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 63,6 млн теңге, Көмекбаев елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 68,6 млн теңге бөлінді, - дейді С.Мақашов.
Бұл төрт нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілген. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты 2017 жылы республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде 2 жобаға 659,1 млн.теңге бөлініп отыр.
«Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1364 үйге ауыз су құбыры кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі жүргізілуде.