ҚАРМАҚШЫДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

Аудан басшысы С.Мақашовтың мәліметіне сәйкес абаттандыру жұмыстарына барлығы 75 млн 562 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 25 млн 399 мың теңге, арнайы шот арқылы 50 млн 163 мың теңге бөлінген. Санитарияға 17 млн 773 мың теңге, қаржының барлығы арнайы шот арқылы бөлінді. Жарықтандыруға барлығы 36 млн 988 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 19 млн 468 мың теңге, арнайы шот арқылы 17 млн 520 мың теңге қаралған.
- Қазіргі таңда бөлінген қаржыларға елді мекендерде абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілуде. Жылдан жылға Жосалы кенттінде абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен атқарылып келеді, - дейді С.Мақашов.