АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА 100 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН

Аудан әкімі С.Мақашовтың мәліметінше ағымдағы жылы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен барлығы 100,6 млн.теңге қаралған.
- 2017 жылы аудандық бюджеттен 30 млн 614 мың теңге қаржы бөлініп, оның 25 млн.теңгесіне бір шақырым болатын «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілді және қалған 5 млн 600 мың теңге қаржысы елді мекендердің жолдарын қыс-мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына конкурстық процедуралар өтуде. Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 70 млн.теңге қаржы қаралды, - дейді аудан басшысы.