КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Оның айтуынша ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 112 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 есеге артты.
- «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қор есебінен Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 142,9 млн теңге және облыстық бюджет есебінен 15,9 млн теңге, барлығы 158,8 млн теңге бөлінді. Жоба бойынша 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған. Мердігер «Нұр-Талап и К» ЖШС-і. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, - дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, брифинг барысында аудан әкімі «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен бөлінген 10 млн. 311 мың теңге қаржыға 3 көпқабатты тұрғын үйлерге үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілып жатқандығын айтты. Мердігер мекеме - «Туған ел келбеті» ЖШС. Аталған үйлердің уақытылы және сапалы жөнделуі бақыланып, жұмыстың 90 пайызы аяқталғандығын жеткізді аудан басшысы.