ҚАРМАҚШЫ ӨҢІРІНДЕ 5 ЖОБАҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

Аудан әкімі С.Мақашовтың айтуынша аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд 939 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,0 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 1 млрд 864 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 101,5 пайызды құраған.
- Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазу саласы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібі – 100,0 пайызды құрады. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд 787 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 72,5 пайызды құрады, - дейді аудан әкімі.