АҚАЙ АУЫЛЫНДА КҮРІШТЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫТЫРЛАҚ ТАҒАМДАР ЦЕХЫ АШЫЛДЫ
Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында, Ақай ауылында «МеаПрим» ЖШС-нің «Күріштен жасалған қытырлақ тағамдар» цехы іске қосылды. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асырылып, 5 адам жұмыспен қамтылды. Жоба құны 8 млн. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта цех тұрақты жұмыс жасап, өнімдерін жергілікті елді мекендерге өткізуде. Сондай ақ, кәсіпорын өз өнімін өткізу мақсатында ірі дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізуде.