МАЛ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАМАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

- Қазіргі таңда барлық бағдарламалар бойынша қаралған қаржының 82 пайызы игерілді (61,5 млн.теңге). Эпизоотиялық, энзоотиялық ауруларға қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жалпы алғанда ауданда эпизотиялық ахуал тұрақты. Зерттеулер қорытындысымен анықталған аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 15 қолайсыз елді мекенінде көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімі С.Мақашов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Күзгі залалсыздандыру жұмыстарына, ауданның Тұрмағамбет және Кемесалған елді мекендерінде кене шағу жағдайлары күрт өсуіне байланысты, осы екі елді мекен қосылды. Қазіргі таңда 17 елді мекендерде күзгі залалсыздандырудың І және ІІ кезеңдері аяқталып, аудан бойынша залалсыздандырудың тиімділігі 100 пайызды құрады.