ҚАРМАҚШЫДА ЕГІС АЛҚАПТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Қармақшы ауданында биылғы жылы 23702 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары орналастырылса, 14209 гектар жерге ауылшаруашылығы саласының негізгі өнімі болып табылатын күріш дақылы отырғызылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі С.Мақашов мәлімдеді.
Ауданда өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға, ал күріш көлемі 184 гектарға, мал азығындық дақылдар көлемі 612 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 8 гектарға, көкөніс 46 гектарға, және мақсары дақылы 638 гектарға көбейген.
- Аудан диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, 14209 гектар күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сондай ақ, жаздық бидайдан 2424 центнер, мақсарыдан 1960 тонна, картоптан 9512 тонна, бақша дақылдарынан 11220 тонна өнім жиналса, 60000 тонна мал азығы шөп дайындалды, - дейдң аудан әкімі С.Мақашов.
Айта кетейік, күзгі егін жинау жұмыстарына 151 трактор, 95 комбайн, 75 жатка, 62 жүк автокөлігі және 139 трактор тіркемесі жұмылдырылған.