ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ АШУДЫ ЖОСПАРЛАУДА
Қызылордалықтар Еуропаға терезе ашуды жоспарлауда. Биыл Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу темір жол магистралінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде жергілікті өнім өндірушілер өз тауарларын кәрі құрлық елдеріне ұсына алады.
Астана арнасына сұхбат берген өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осыны атап өтті. Мұнан бөлек, тағы бір маңызды күре жол ел игілігіне берілмек.
Облыстағы барлық аудандарды басып өтетін "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің бұл аумақтағы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Алдын ала болжамдарға сенсек, дәліз арқылы жылына 30 миллион тонна жүк өтеді.
"Қазір жолдың жан-жағына сервистік инфрақұрылымдар - қоймалар мен жанар-жағармай бекеттерін салу жөнінде келісімшарттар қабылдануда", - деді облыс әкімі.
Әкімнің айтуынша, осы жылдың аяғына дейін халықараралық көлік дәлізінің біздің аймақпен өтетін 813 шақырымдық учаскесінің құрылысы аяқталады.
"Жақында Елбасы Жезқазған-Бейнеу бағытындағы темір жол қозғалысын ашып берді. Осыған дейін тек Орта Азия нарығына шығатын болсақ, енді Еуропаға шығу мүмкіндігіне ие болдық. Жолдауда басымдық берілген әуежайларды жаңғырту ісі де басталып кетті. Қазір Қызылордадағы ескі әуежайдан күніне 27 рейс Қазақстанның бірнеше қаласына бағыт алады. Жаңа терминал салынып, пайдалануға берілсе, алыс шетелдерге де қатынауға мүмкіндік тумақ, - деді Қырымбек Көшербаев.
Нысанның бастапқы бағасы жеті жарым миллиард теңге. Ол қаражаттың жетпіс пайызын "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы төледі. Қалғанын "Байқоныр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көтерген.
"Үкіметтің қолдауымен әуежайдың халықаралық терминалын салуға кірісіп кеттік. Келесі жылдың күзіне дейін аяқтауға тырысамыз. Жақында Үкімет қаулысымен әуежай халықаралық статусқа ие болды. Желтоқсаннан бастап тікелей Қытайға, Стамбулға, Дубаи мен Мәскеуге ұша аламыз. Ол да аймақтың инвестициялық климатына оң ықпалын тигізеді", - дейді облыс әкімі.