ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ 303 ЖОБАСЫНА НЕСИЕ БЕРІЛДІ
Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік қолдау екінші деңгейлі банк филиалдары, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының, «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының филиалдары, шағын несие ұйымдары және тағы басқа түрлі қаржы ұйымдары арқылы жүргізіледі.
2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банк филиалдарымен шағын және орта кәсіпкерлік саласының 303 жобасы 10 430,85 млн.теңге көлемінде несиелендірілген.
Сонымен бірге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалымен жалпы құны 2 789 млн.теңгені құрайтын 186 жоба, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалымен жалпы құны 3 311,9 млн.теңгені құрайтын 1 095 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалымен жалпы құны 4 096,9 млн.теңгені құрайтын 35 жоба қаржыландырылды.