ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ: ҮШ ОҚУШЫ ЖҮЛДЕЛІ І-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Олимпиада «Мен – Қазақстан азаматымын» тақырыбында «Бөбек» ҰҒПББСО-ның 20 жылдық мерейтойына арналды.
Білім бәсекесіне облыстан барлығы 3 оқушы қатысты.
Олар: Қызылорда қаласынан №264 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Зердехан Батырханова, №278 орта мектептің 9-сынып оқушысы Наят Мади және Шиелі ауданы №40 орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадина Серікбаева.
Оқушыларымыз олимпиада барысында берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік жоба қорғап, үш оқушымыз да жүлделі І орынға ие болды.
Оқушыларға жетекшілік жасап барған Қызылорда қаласы №10 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, облыстық пән бірлестік жетекшісі Ұрхия Бердіхожаева.
