БРАКОНЬЕРЛІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Сондай-ақ, жыл басынан бері табиғат пайдаланудың заңдылығын сақтауды бақылау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, нәтижесінде 491 құқық бұзушылық анықталды. Оның 43 фактісі аңшылық, 10 дерегі орман саласына қатысты болса, қалғаны балық шаруашылығымен байланысты. Тексеру жұмыстарына қарамастан браконьерлік фактілері азаяр емес. Осыған орай инспекция өкілдері тұрғындарға табиғат пайдалану ережелерін сақтауды ескертеді.