МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ҚАЙТА ӨҢДЕЛЕТІН БОЛАДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында университет ғалымдары құны 95 млн. теңгені құрайтын, "Инновациялық технология бойынша мұнай құрамды қалдықтарды өңдеу" ғылыми жобасының грантын жеңіп алды. Мұндағы негізгі бағыт - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу.
Бүгінде осы жобаға байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлік-бейіндік зертханасында Германиядан арнайы қондырғы жасау жұмыстары жүргізілуде.