СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жергілікті тұрғындардың игілігіне бағытталған жұмыстарды «Асар» ЖШС жүргізуде. Қуантарлығы, жұмысшы топ бүгінгі күні 16 шақырымға тартылуға тиісті су құбырының 14,7 шақырымын бітіріп те үлгерген. Сонымен қатар, аталған жұмыс төңірегінде 8 арнайы техника жұмылдырылып, 60 адам жұмыспен қамтылған. Ендігі жерде аталған жұмыстарды ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында толық аяқтап, ауыл халқын қуанышқа бөлеуді көздеп отырған аудан әкімі, тапсырысты орындаушы компанияға тындырымды істерін тыңғылықты істеуге, әрі жеделдетуге күш салуды тапсырды.
Мұнан соң, Елбасының "Туған жер" бағдарламасы аясында өткен аудандық "Тал күні" акциясына қатысып, Қамыстыбас ауылдық мәдениет үйінің ауласындағы тал отырғызу рәсіміне өз үлесін қосты