АРАЛДЫҚТАР "БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020" БАҒДАРЛАМАСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Арал аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы Сексеуіл кентінің тұрғыны Пакизада Жолдасбаева Қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдік компаниялармен әріптестік байланыстар орнату арқылы әлеуетін арттыруға бағытталған "Іскерлік байланыстар" жобасына қатысуға мүмкіндік алды.
П.Жолдасбаева кәсіпкерлікпен көп жылдан бері айналысып келеді. Ол алғаш еңбек жолын медицина саласында 1968 жылы фармацептік дәріханада бастады. Кейін аталған дәріханада меңгеруші де болды. Осылайша фармацевтикада тәжірибе жинақтап алғаш рет 1998 жылы кәсіпкер ретінде тіркелді және туған кентінде өз дәріханасын ашты. Осы еңбегінің арқасында "Іскер әйелдер" бірінші әлемдік әйелдер форумына қатысып та қайтты.
Алайда дәрі сатумен айналысу Пакизада Жолдасбаеваның бизнес-идеяларын жүзеге асыруда толық көңілінен шықпады. Кәсіпкер көп жылдар бойы өз ауылында тұрғындарға амбулаторлық және диагностикалық қызмет көрсету орталығын ашуды армандап келді. Ауданда КҚО ашылғанын жергілікті газеттен оқыған кәсіпкер арманын жүзеге асыруға алғашқы қадам бастады.
Пакизада Жолдасбаева "Іскерлік байланыстар" жобасына қатысуға өтініш тастады және қыркүйек айында Астана қаласындағы "Тұран Профи" халықаралық академиясында жобаның бірінші кезеңі бойынша оқудан өтіп келді.
«Оқу бағдарламасы жоғары деңгейде ұйымдастырылған және білікті мамандардан сабақ алып қайттық. Өзімнің бизнес-жоспарымды сәтті қорғап шығып, оқуды аяқтағаным жөнінде сертификатқа ие болдым. Ендігі жерде жобаның екінші кезеңі аясында Германияға тәжірибелік іс-сапарға баруды көздеп отырмын», - дейді жеке кәсіпкер.