БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ
«Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ата-аналарына арналған «Балалар - болашағымыз» атты семинар-тренинг болып өтті.
Семинарды «Бақытты отбасы» сайтының жүргізушісі, отбасылық коуч-тренер Елжас Ертайұлы жүргізді.
Коуч-тренер семинар барысында бала - қоғамдағы проблеманың көзі емес, керісінше, өзіне тән өмірі бар қоғамның бір бөлшегі деп қарау қажеттігін түсіндірді. «Ең күшті ата-ана», «Ең әлсіз ата-ана», «Мақтаншақ ата-ана», «Өзімшіл ата-ана», «Уайымшыл ата-ана» ұғымдары туралы сөз қозғап, аталған ұғымдарға жан-жақты түсініктеме берді. Бала тәрбиелеу әдістерінің заманауи үлгілеріне тоқтала отырып, біршама кеңес берді.
Ата-аналар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, Е.Ертайұлы тарапынан тұшымды жауаптар ала алды.
Бала тәрбиесіне байыппен қарайтын әрбір ата-ана үшін семинар-тренингтің берері мол болды.