ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 519 РЕТ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАЛАРЫ БҰЗЫЛҒАН

Осыған байланысты 1 млн. 508 мың айыппұл салынып, оның 1 млн. 097 мың 465 теңгесі өндірілді. Облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарға қатысты барлығы 74 (2016 ж.-117) қылмыстық іс қозғалды.
– Былтыр Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полиция бөлімі табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлерімен, Қызылорда облысы көлемінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған және заңсыз аңшылыққа бейім тұлғалардың тізімі жасақтаған. Жыл басында осы азаматтарға арасында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары жөнінде ескертпе хат таратылды, – деді Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Шүкіров.